album cover
Jeruiyq
3
Hip-Hop/Rap
Jeruiyq was released on October 25, 2025 by DD RECORDS as a part of the album Jeruiyq - Single
album cover
Release DateOctober 25, 2025
LabelDD RECORDS
Melodicness
Acousticness
Valence
Danceability
Energy
BPM89

Credits

PERFORMING ARTISTS
Аль Nasr
Аль Nasr
Rap
AIzere
AIzere
Sampled Artist
COMPOSITION & LYRICS
Nazar Sharkhan
Nazar Sharkhan
Songwriter
PRODUCTION & ENGINEERING
Arsen Zhauynbai
Arsen Zhauynbai
Recording Engineer

Lyrics

Айзере:
Жауын нөсермен кір кетер,
көк-ала бұлт болды айғақ
Тамшыларды ап түсер,
періштеге оңай хақ.
Айқын хатты оқи біл,
бұл табиғат ұлықтан,
Көркем мәміле онымен,
көштен алған тариқат.
Тобылғы ағаш қамшы сап,
анадан жер нәрін ап,
Ағын су һәм көк аспан,
байланысын жалғап ап.
Шертеді сырын ұққанға,
дала үйім "Аль-карамат"
О заман да-бұл заман,
болу жаман қарңғы ат.
Аль Nasr:
Жан әлемін бүлдіргендер,
Дейді - «айға жөнелем»,
Инсан неге екен?,
Өрбітуді дүрбелең.
Аң атып, жүйке сейілтуде
Зұлым нағылет
Қоршаған ортаны лаңдатып,
Қылуда ахірет.
Бұл аманат атадан қалған қарағым еншіңе,
Арам пейілің үшін Арал тартылғаға ренжіме.
Қиратуда һәм әлемді қара тиіп ми қайнай,
Қилайтын адам маңайды күл қоқыспен шимайлай.
Бай бөрі жерді қара лай көріп.
Абайдың Семейіне сай көрік сыйла
Ядролық атымнан соң, Аралың ғайп дария,
Байқоңырды байырғы райынан құртады ма Гадзила?
Айнала лаң балам, кел аман жаным,
Мұз еріп, үркитін Гипопатамың,
Киелі жеріңді иелік ет, игеріп өт,
Үйрен де, жирен ’Хомо сапиенс”-тің өнері көп
Қайырма:
Дала менің үйім
Қауіп төне ме деймін, залым мінеме биік төбеңе дейін?
Дала менің үйім
Бұ дүниенің алып төлемі бар екенін біле ме кейін?
Жер әлем,
Мамық кілем
Құбылып түрлен
Бұршақ атып
Пах ұрып бүрлен
Көл-өзен,
Таза ауада тау,
Жазам өлең
Жүйрік мінем,
Үзеңгіні үзем.
Төзем!
Һәм өмірден өтем...
Адам пейілі , көмкеру алтын-жақұтты
Дуана кей ұлың, өз үйін төңкерумен-ақ құртты
Абыр-дабырда, қабірден табылып.
Қимылы тобырыдың, қадірден айырды.
Бейқам қонағың тағы таң атырды
Жер тамыры өзен арық,
Ізіңді ұйғарып.
Кезуде адам
Екі езуі қарық
Түтін ап даланы,
Қала зауытты тұтынуда
Тұтығуда ұрпағың,
Қоқысқа толы,
Молаға ұмтылуда
Туылуда қиратушы,
Ұсақталуда буын.
Ризыққа толы қолы,
Азапталуда нуым.
Қара май мұнай ,
Қарағай да ұнайды.
Қарамайды ағай ,
Ойында меншікті ету: даладан ай.
Қайырма:
Дала менің үйім
Қауіп төне ме деймін,
Залым мінеме биік төбеңе дейін,
Дала менің үйім
Бұ дүниенің алып төлемі бар екенін білеме кейін
Бридж:
Адам қаруды-ей,
Қайтер екен?!
Ақ-қар боп бөлінбей,
Өмірді мынау кешіп өтсек қате ме еді-ау?!
Ай-күнің аман есен төбеде,
Жер тірілерді бесігіне бөлеген.
Алмұрт, өрік, бүлдірген,
Арқау нәрің үшін өндірген.
Даланы әлдилеп,
Тал гүлдеп
Даланы әлдилеп
Аң төлдеп
Даланы әлдилеп,
Өзен-көл
Даланы әлдиле адамзааат
Written by: Nazar Sharkhan
instagramSharePathic_arrow_out􀆄 copy􀐅􀋲

Loading...