Featured In

Credits

PERFORMING ARTISTS
Urker
Urker
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Kenen Azerbaev
Kenen Azerbaev
Songwriter

Lyrics

Басты өлең, құлақты өлең, мұрынды өлең,
Бір ақын өлсе, талай қырылды өлең.
Кезінде әділ баға бағаландым,
Арманда кеткен екен, бұрынғы өлең.
Балыққа таяз судан терең оңай,
Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Халыққа адал қызмет етпесеңіз,
Абырой, атақ деген келеме оңай.
Ай туса, айда тартар жарығына,
Су ақса, суда тартар арығына.
Баласы кімнің текті,кімнің тексіз,
Түбінде бір тартады қалыбына.
Қиналып, жан қысылса құдай дейміз,
Кей кейде анау дейміз, мынау дейміз.
Өмірге әкеледі, әкетеді,
Жалғанның мұнысына қалай дейміз.
Written by: Kenen Azerbaev
instagramSharePathic_arrow_out