Lyrics
Өте шығар дүние қас қағымда, айхой
Ойнап-күлген жарасар жас шағында, беу, дүние-ай
Кісі жары кісіге жар болмайды , айхой
Балапандай буырыңа басқанменен, беу, дүние-ай
Жалған-ай, жалған-ай
Жанбай өшкен арман-ай
Жарға лайық қалқаның
Жанды әуреге салған-ай
Аспандағы біреу мәз Айды алғанға, айхой
Айналғанға біреу мәз Пайғамбарға, беу, дүние-ай
Ерте келіп, өмірден енші алғанмен, айхой
Кісі жарын кеш көрсем айлам бар ма, беу, дүние-ай
Жалған-ай, жалған-ай
Жанбай өшкен арман-ай
Жарға лайық қалқаның
Жанды әуреге салған-ай
Әттең-ай, әттең-ай
Неткен дүние тәттең-ай?
Жарасқаны қинайды-ау
Дәм тұзының жатпен-ай
Жалған-ай, жалған-ай
Жанбай өшкен арман-ай
Жарға лайық қалқаның
Жанды әуреге салған-ай
Written by: Public Domain