Similar Songs
Credits
PERFORMING ARTISTS
Periishte
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Айсауыт Марат
Songwriter
Lyrics
Ақ қайыңның қасында қыз бен жігіт кездесті.
Жігіт ашық мінезді ашып сырды сөйлесті.
Бірін-бірін сүйеді алыс кетсе күтеді.
Ақ қайыңның қасында күтеді жігіт бүгін де.
Қыз келеді күлімдеп аппақ жүзі үлбіреп,
Қыз жігітті құшақтап жалғыз сені сүйем деп,
Күлімдеумен ойнаумен қаншама ай күн өтеді.
Қыз бір күні жігітке маған үйлен тездет деді.
Тездетпесең жаным ау кеш болады кеш - деді,
Күтпегендей ол жігіт үйленемін демеді.
Сонда қыз жылап тұрып: -мен балаңның анасы
күтем сені үйімде мені өзіңмен алып кет!
Көз ілмей таң атты,
Так атып күн батты,
Күткен жігіт келмеді,
Қыз да сенбеді.
Келе алмай қалған болар,
Жанарына жас толар,
Келер сүйгеним деп
Қатты ренжіп калар.
Күні-түні күйзелді қатты ойланып қиналды,
Ертең келмесе жігітім өлемін деп жылады.
Өте шықты ертеңі өткен өмірі ертегі
Өсек мені өлтірді деп өзі талға асылды.
Баяғы сүйген жігіті қайыңмен жалғыз қалады
Қайыңға айтып бар сырын жүректегі жаралы.
Кешіктім мен кешір деп жырын айтып жылады,
Кешіккеннің себебі бар неге мені күтпедің?
Көз жұмды ғой сол күні ақ сүт берген анашым,
Тағдыр мені қинады деп кешір деп жігіт жылады.
Ақ қайыңның қасына қайта-қайта барады
Әдемі ақ қайыңға суретін қыздың салады.
Ақ қайыңды құшақтап,
Кейде ұйықтап қалады.
Қалайша жазсын қалайша
ауырған жүрек жарасын?!
Written by: Айсауыт Марат