Top Songs By Аль Nasr
Similar Songs
Credits
PERFORMING ARTISTS
Аль Nasr
Performer
MIKO
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Danijar Sagdatovich Rakhmetzhanov
Composer
Назар Шархан
Songwriter
Lyrics
Қап-қара көздер-ай,
Өзегере ме бұл әлем оңай?
Артта қалған армандарым-ай,
Мен жастарға сенемін!
Ағама бұйырмаған, жастарға мен де сенемін,
Бағалап иман отын, бағалаймын Алла дегенін.
Пір тұтып Сейфулланы, түртеді байырғы ойды,
Арбаны сүйрер есек, білімді болмай-ақ қойдым.
Қылығы былығындай, ғұрпынан айырылған ел.
Құрлығым бай бір нығмет, ғұмырың қайғы мұң ба еді?
Былтырғы партиялар, ұрпақты жетелеген,
Иті шыққан иман оты, отанын мекен демеді.
Солардан туған ұрпақ, ойнасты нормалаған.
Жүргенде майданда біз, отбасын бомбылаған,
Ұлыма сенімді артамын, абай бол жолда балам!
Пенде ғой енді қайтесің, арбауда қалған ағаң.
Өмірде ұрлық бітпейді,
Ұрлығы ұлыма дейді.
Құл бейітін әдемі әрлейді,
Қыл көпірді өтемін демейді
Әндетер бұлыңғыр кейпі
Әдебиетті бүлдірмейтін.
Аман болсын енді інілер,
Тура жолды үндейтін.
Қап-қара көздер-ай,
Өзегере ме бұл әлем оңай?
Артта қалған армандарым-ай,
Мен жастарға сенемін!
Ізіңді тап бала, жын пәледен әрі кет,
Тфәй-тфәй 18 де әрекетке тұра кет,
Шал-кемпірге мұр деп, үйдің мұңын әкет.
Соққы алса да жақ етің, әкеңді етпе қара бет!
Ізіңді тап, қиял кейіпкерді тәрк ет!
19 дан кейін, кейінгілерге де жарқ ет.
Әрекет қыл ұлтың үшін, ұмтыл оған ертерек,
Бұтын қыздың бүтін күйде ұзатуды керек ет.
Бай бол! Абай - бол! Абайым мәртебелі,
Абайдан ұпай ап, бір пайда әкел дер едім.
Үзбе деймін күдеріңді, түзде өткізген күндерің,
Ойбайлайтын кездеріңе дайын бол дерер едім.
Бай бол! Бай болудың, жолы біреу - білім-ақ!
Құдай жолы ұдайы, амал ет, ілім ап.
Ырбыңдаған ұл ма бұл? Саясаттың құрбаны,
Бізге керек жандану, бізге керек жан тану.
Қап-қара көздер-ай,
Өзегере ме бұл әлем оңай?
Артта қалған армандарым-ай,
Мен жастарға сенемін!
Written by: Данияр Сагдатович Рахметжанов, Назар Шархан